CaspianLife, 21 шілде — Испанияда ұлттық фестиваль аясында өткен бұқалардан қашу кезінде 3 адам мерт болды деп хабарлайды efe агенттігі.
Levante басылымының хабарлауынша, қаза тапқандар ауыр жарақат алған. Атап айтсақ, 19 шілде күні Мелиан қаласында бұқа 50 жастағы испандыққа шабуыл жасады. Салдарынан ер адамның қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Тағы бір 64 жастағы француз да бұқалардың астында қалды. 9 күн бойы өмір мен өлім арасында болған зейнеткер ауруханада жан тапсырды.
Альбасеталық 56 жастағы тұрғынның басына қатты зақым келген. Бұқа марқұмды мүйізіне іліп алып, аспанға лақтырып, жіберген.
РЕН ТВ арнасының хабарлауынша, одан бөлек 6 адам бұқадан зардап шекті.