CaspianLife, 21 шілде — «Еуропа-азия» бейбітшілік пен келісім шеруі халықаралық жобасының белсенділері атырауда дөңгелек үстел өткізді. Экспедиция аясында шеруге қатысушылар әлемдегі бірліктің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, ізгілік, жасампаздық, тақырыбына арналған музыкалық іс шаралар мен көрмелер ұйымдастырады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің айтуынша, бұл жоба дінаралық диалог тұжырымдамасын дамыту және мәдени мұра жетістіктерімен өзара алмасу мақсатында жүзеге асырылуда.
«Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруіне 30 ға жуық белсенді қатысуда. Олардың арасында кәсіпкерлер, музыканттар, суретшілер мен ақындар да бар. Ең кіші қатысушының жасы 2-де болса, ең үлкені 62-де.