CaspianLife, 21 шілде – Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай шешімге облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырмасы себеп болған. Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С. Айдарбеков пен Н. Таушовтың штаттық орны қысқартылды.