CaspianLife, 20 шілде – Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 22 шілдеде Құлсары қаласының тұрғындарымен кездеспек. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу Жылыой ауданы әкімдігінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, тұрғындардың аймақ басшысына қоятын сұрақтары мен ұсыныстарын жинақтау үшін «Беркад», «Ақтан», «Лидер», «Технодом» сауда үйлері, Теміржол вокзалы және Жылыой ауданы әкімі аппараты ғимараттарында аранайы жәшіктер орнатылған.