CaspianLife, 18 шілде — Атырауда пәтерде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
17 шілде күні сағат 03:05 шамасында ТЖД-нің CALL-орталығына Азаттық даңғылындағы пәтерден өрт шығып жатқаны жайлы хабар түсті. Тілсіз жау ауданы 15 шаршы метрді шарпып үлгерген. Өрт кезінде пәтерде 5 алам болған, құтқарушылар 3 баланы дәліз баспалдағы арқылы сыртқа алып шықты. Денесін күйік шалған 31 жастағы тұрғын көмір қышқыл газына уланып қалған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Өрт 03:53 шамасында толық оқшауланды. Тілсіз жаудың себебі анықталуда.
ТЖД қызметкерлері тұрғындардан өрт қаупісіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.