CaspianLife, 11 шілде — Алмалы ауылының алғашқы 19 көшесіне жол салу құрылысы басталды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылыспен айналысатын мердігер компания анықталды. Жол құрылысының бірінші кезеңі бойынша оң жақ бөлігіне 6,4 шақырым жол төселеді. Тиісті жұмыстар осы аптада басталады. Сондай-ақ, құрылысқа кедергі келетін инфрақұрылымдар ауыстырылатын болады дейді әкімдік.
Екінші кезең — сол жақ бөлігін салу үшін сараптамадан 5 шілде күні оң қорытындысы алынды. Бүгінде тендерлік рәсімдерін бастау үшін конкурсқа жіберілуде. Бұл кезеңде қамтылатын көше саны 18. Жолдың қашықтығы 10,3 шақырымды құрамақ.