CaspianLife, 10 маусым — Құтқарушылар Атыраудағы «Луч» жағажайын суға түсуге жарамсыз деп мәлімдеді. Өзеннің асты тік жар болуы себепті ашылуына рұқсат етілмеген. Сондай-ақ, жағажайда құтқарушылар мен кемелері де жоқ.
Жалпы, қаладағы жағажайларды кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берген қалалық әкімдік мамандары жоспарлы тексерістің жиі жүргізілетіндігін айтады. Егер қандайда бір бұзушылық байқалып, кәсіпкер оны 2 ай көлемінде реттемесе, екеуара шарттың бұзылуы мүмкін.
Қалалық әкімдіктегілер жағажайларды кәсіпкерлерге 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріпті. Олар осы уақыт аралығында сол аумақтың қауіпсіздігі мен тазалығына жауапты. Естеріңізге салайық, облыста суға түсу маусымы 15 маусымыда ашылған болатын.