CaspianLife, 9 шіде — Шілде айының екінші жексенбісі балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері марапатталды.
2 адам «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, ал 8 инспектор құрмет грамотасына ие болды. Ал өзге қызметкерлерге инспекция басшысының алғыс хаты берілді.
Айта кетейік, 2017 жылы 31 қазанда Үкімет қаулысымен әр шілде айының екінші жексенбісі Қазақстанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні болып белгіленді.