CaspianLife, 8 шілде — Атырау қаласында жыл басынан бері масаң күйде көлік айдаған 270 жүргізуші анықталды деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі.
Полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев қала аумағында 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
«Жол апатының салдарынан 4 адам мерт болып, 71 адам түрл деңгейде жарақат алды. Ал, жасөспірімдердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 жасөспірім әртүрлі дәрежеде зардап шекті. Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде рульге отырған 270 жүргізушіні ұстады. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Ерлан Биғамбаев.
Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасына ұрындыратын бірнеше себеп бар. Алдымен бұл қарсы бағыттағы жолаққа шығумен байланысты болып отыр. Екіншіден — жаяу жүргіншілерді қағу, үшіншіден — жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу, төртіншіден — жылдамдықты шамадан тыс асыру. Бесіншіден — мас күйде рульге отыру.