CaspianLife, 7 шілде — Атырауда 17 жасар бозбаланы тепловоз қағып, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оқиға 6 шілде күні сағат 17:00 шамасында болған деп хабарлады Атырау темір жол станциясындағы желілік полиция бөлімі.
Колледж студенті жол қысқарту үшін «Қара депо» шағын ауданындағы теміржолды кесіп өтпек болған кездеғ тепловоз қағып кетті. Машинист жолда келе жатқан адамды байқағанымен, тоқтап үлгермей қалғанын айтады.
«Қазір аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетелік, «Қара депо» шағын ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері теміржжол үстінен өткел салу мәселесін көтеріп келеді. Үш жыл бұрын жаяу жүргіншілер көпірін салу қолға алынады деп хабарланғанымен, жоба іске аспады.