CaspianLife, 7 шілде — Теңіз кен орнындағы жарылыс 3-ші буын зауытының 42-учаскесінде гидротест жүргізу барысында құбыржолының фланецті қосындысы үзіліп кеткендіктен болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, жарылыс салдарынан «Сенімді Құрылыс» ЖШС 1985 жылы туған қызметкері сол жерде қаза тапты. «Теңізшевройл» ЖШС клиникасында «Агропром техника» ЖШС жұмысшысы 1985 жылы туған азамат қайтыс болды және «Onstream Kazakhstan» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС, «Мұқан сервис» ЖШС жұмысшылары 1996, 1993 және 1996 жылғы азаматтар жеткізілді. Сағат 13:15-те «Теңізшевройл» ЖШС әуе кемесімен 1996 жылғы «Onstream Kazakhstan» ЖШС жарақат алған қызметкерінің жағдайы ауыр деп бағаланып, Атырау қаласындағы облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.