CaspianLife, 1 шілде – Ақтөбелік тұрғын Атыраудан элиталық пәтерлерді арзан бағаға жалға беремін деп 20 адамды алдаған. Қазіргі таңда оның үстінен тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
Алаяқ OLX қосымшасы арқылы азаматтарды Атырауда бірнеше мөлтек аудандарда пәтерлері бар екендігіне сендіріп, төлемнің жартысын алдын ала ұлының есепшотына аудартып отырған. Облыстық ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтың 1980 жылғы екенін және Ақтөбе тұрғыны екенін анықтап, оған қатысты 20 деректің дәлелденгенін хабарлады. Алаяқтың арбауына түскендердің арасында 9 атыраулық, Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалалары және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бар.