CaspianLife, 30 маусым -Атырауда есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан өзбекстандық әйел ұсталды деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
1998 жылғы азаматтың жалға алған пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат бар 2 полиэтилен пакет, есімдік тектес қағза түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, барлығы тәркіленді. Облыстық сот сарапатамалары институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.