CaspianLife, 23 маусым — Ақтаудағы Рауан тұрғын үй массивінде көлік жолын салу жұмыстары қайта жалғасуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Салынып жатқан жолдың ұзындығы 12 588 метрді құрайды. Жолды «Altynzhol» ЖШС салуда. Жол салу үшін осыдан 3 жыл бұрын келісім-шарт жасалған сәттен бастап дайындық басталған еді. Бірақ, сумен жабдықтау жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Былтыр ол жұмыстар аяқталып, бүгінгі таңда автокөлік жолының құрылысы қайта жалғасуда. Жоспар бойынша, жол толықтай жыл соңына дейін салынып бітетін болады.