CaspianLife, 22 маусым — Ақтаудағы алты шағын ауданда (1, 4, 14, 22, 28А, 29) абаттандыру жұмыстары жобалау-сметалық құжаттардың кешігуі салдарынан кейінге шегерілді. Құжат дайын болған соң мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. Аталған шағын аудандарды абаттандыру жұмыстары жыл соңында басталмақ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімдіктегілердің сөзінше, абаттандыру жұмысымен айналысатын мердігермен келісім-шарт кеш жасалған.
«Жобалау-сметалық құжатты «DeluxeDesign» ЖШС әзірлейді. Қазір инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, яғни, абаттандыру тізіміне енгізу қажет орындар анықталуда. Тамыз-қыркүйек айында дайын құжатты мемлекеттік сараптамаға жібергеннен кейін, бюджеттен ақша сұрайтын боламыз», — дейді Ақтау құрылыс бөлімі.