CaspianLife, 21 маусым — Индер ауданында әкесінің көз алдында суға кеткен баланың денесі бүгін түс әлетінде табылды. Алғашқы мүшелге енді қадам басқан жасөспірімнің мүрдесін полицейлер туған-туыстарына тапсырды.
«Екі күннен бері іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бүгіни яғни 21 маусым күні сағат 11:35 минут шамасында Елтай ауылдық округінің аумағынан табылған болатын. Қазір азаматтың денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп мәлімдеді аудандық ТЖБ аға инженері Ербол Ғабитов.
Естеріңізге салайық, 19 маусым күні әкелі-балалы екеу Орал қаласынан өздері тұратын Бейнеу ауданына қайтып келе жатып, Индер ауданы тұсындағы Жайық өзенінің рұқсат етілмеген жеріне суға түскен.