CaspianLife, 21 маусым — Ақтауда жаз мезгіліне байланысты келесі айдан бастап №2, №3 және №5 автобстардың жүру уақыты 22:00-ге дейін ұзарады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Ақтауда аталған қоғамдық көліктермен қатар, №4 мен №7 автобустар да таңғы 06:40-тан 20:00-ге дейін қызмет көрсетіп келді.
Аталған маршруттардың интервалы кешкі сағат 20:00-ге қалыпты уақыт аралығында, яғни, №2 маршрут үшін 12-14 минут, №3 маршрут 6-8 минут, №5 маршрут 14-16 минут аралығында қатынай береді.
Ал, сағат кешкі 20:00 мен 22:00 аралығында жолаушылар ағынының азаюына байланысты автобус аралығындағы интервалдар №2 маршрут үшін 18-20 минут, №3 маршрут 12-14 минут, №5 маршрут 20 минут болады.