CaspianLife, 21 маусым — Атырауда стадионда болған төбелеске қатысқан 28 адамға қатысты іс қозғалды. Сот қаулысымен 2 адамға 15 315 тг, 26 адамға 10 721 тг көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, Мұнайшы стадионында футбол жанкүйерлері арасында төбелес болған еді. Полиция қызметкерлері 30 шақты адамды ұстады.