CaspianLife, 20 маусым — Форт-Шевченко ауданында құстар жаппай қырылып жатыр. Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде таралуда. Маңғыстау облысының экология департаменті жағдайдан хабардар екендерін мәлімдеді.
«Оқиға орнына мамандар жіберілді. Экологтармен қатар, балық инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар жүниесі инспекциясы, ветеринарлық инпекция, ғылыми институт өкілдері мен атқарушы органдар бар комиссия құрылды. Біз өз тарапымыздан ауа мен су үлгілерін аламыз. Нәтижесін кейін хабарлайтын боламыз», — деп мәлімдеді департамент басшысы Руслан Төкенов.