CaspianLife, 17 маусым — Атырауда Маңғыстау облысының Шекара қызметі Жағалау күзетінің 3 дивизион әскерилері Сарайшық арнаулы орталығымен бірлесіп 18 жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сый жасады.
Қызметкерлер балаларды ойын-сауық кешеніне апарып, жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кейін оларға арнап түскі ас ұйымдастырды.
«Балаларға қуаныш сыйлау үшін арнаулы күндер керек емес. Біз қолымыздан келгенше қуаныш сыйлауға тырысамыз» — дейді әскерилердің бірі.
Атырау облысы бойынша департамент өкілі Өмірбет Айтәлі шекарашылардың мұндай игі істерді жиі ұйымдастырып отыратынын айтады. Бұған дейін қызметкерлердің бірі өз атынан аймақтағы балалар үйіне 20 ортапедтік аяқ киімді сыйға тартқан болатын.