CaspianLife, 9 маусым — Биыл Маңғыстау облысында 3747 адам донор атанды деп хабарлайды облыстық қан орталығының директоры Рафаэль Сарамалиев. Оның айтуынша, былтыр 8649 адам донор болуға өтініш білдірсе, оның 2336-сы қабылданбады.
«Көп жағдайда қандағы гемоглабин деңгейі төмен болғандар донор бола алмайды. Бұл бұрыс өмір салты мен дұрыс тамақтанбаумен байланысты. Бұдан бөлек басқа себептер бар», — дейді орталық директоры.
Қан орталығында донор болғысы келгендер үшін иммуногематологиялық зерттеуден өтуі керек. Қажет болған жағдайда мекеме қызметкерлері донорларға өздері барады.
«Былтыр осындай қайырымдылықтың үлесі 2,2 % құрады. Донорлардың 94%-дан астамы қанды тегін тапсырды», — дейді Сарсамалиев.