CaspianLife, 9 маусым — Ақтауда шала туған нәресте кәрізден табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Бүгін сағат 11:51-де 102 кезекші пультіне 32 шағын ауданда кәрізден сәби табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Шала туған нәресте шамамен 3-4 ай болған.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді», — деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.