CaspianLife, 7 маусым — Атырауда дзюдодан ересектер арасында еңбек және спорт ардагері Кеңес Барақатовты еске алуға арналған XIV республикалық турнир өтті.
2 күнге созылған байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100 ге жуық спортшы 60 – 100 келі аралығында күш сынасты. Сондай-ақ, олардың арасында Өзбекстан атынан қатысып отырған 1 команда бар.
Алғашқы күннің қорытындысымен 60 келі салмақта Атыраулық Шейілхан Қанат, 66 келі салмақта Қызылорда спортшысы Берікұлы Әділбек, 73 келі салмақта Алматылық Нүсіпбаев Ілияс жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды.