CaspianLife, 3 маусым — Ақтауды көгалдандыруға 748 млн тг бөлінді. Ал, қала әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы сурау кәсіпорнын басқарады. Қаладағы суландыру және абаттандыру жұмыстарын «Green City Aktau» ЖШС жүргізеді.
«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері суарудың сапасын күн сайын тексеріп отырады, суару маусымы басталысымен WhatsApp қосымшаларында әр суару бойынша есеп беретін топ ашылды. Жасыл аумақтарды суару аптасына бір рет жүргізіледі. Жаңа көшеттер үшін — аптасына үш рет», деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.