CaspianLife, 30 мамыр — Ақтау тұрғындары балалар көлігін жалға берушілерге шағымданды. Шағын кәсіпкерлер тыйым салынғанына қарамастан жағажайдағы бизнесін жалғастыруда. Тұрғындардың сөзінше, олар жағажайға демалып келгендердің мазасын алады.
Бұған дейін, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жергілікті атқарушы органдар рейд жүргізіп, кәсіпкерлерге ескерту жасағанын хабарлаған болатын.