CaspianLife, 28 мамыр — Ақтау әуе айлағында Ақтау-Тбилиси халықаралық рейсінің жолаушыларын кедендік бақылау кезінде облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 30 мың АҚШ долларын экспорттау әрекетінің жолын кесті.
Оқиға фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Мемлекеттік кірістер департаменті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 10 мың АҚШ долларынан асатын қаражат пен 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық тазартылған алтын құймаларын шекарадан асыруға тыйым салынғанын ескертті.
Сондай-ақ, шетелге шыққалы жатқан азаматтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауын сұрады.