CaspianLife, 28 мамыр — Ақтауда 6 адам темір тұлпарды мас күйінде айдағаны үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айрылды. Бұл туралы Ақтау прокуратурасында хабарланды.
2020 жылдан бастап көлікті алкоголь және есірткі тұтынып айдаған жүргізушілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілген болатын.
«Бұған дейін осындай құқық бұзған адамдарға айыппұл немесе қоғамдық жұмыстраға тарту түріндегі жазалар қолданылатын. Қазір сотталушылар бес жылға дейінгі бас бостандығы мен өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айрылады», — деп мәлімдеді прокуратура өкілі.