CaspianLife, 26 мамыр — Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар ұйымдастырған тағы бір заңсыз ойын бизнесі анықталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері мекеменің заңсыз әрекетінің жолын кесті.
— Ойын мекемесі «Самал» шағын ауданында орналасқан, ол жерден мониторлар, процессорлар, теледидарлар, касса, сондай-ақ қолма-қол ақша табылып, тәркіленді. Аталған факті Жаңаөзен полиция басқармасында тіркеліп, жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, — деп хабарлады құқық қорғау органы.