CaspianLife, 23 мамыр — Huawei, Intel Corporation, Lenovo, Hewlett Packard және тағы басқа компаниялар санкцияларды айналып өту үшін Қазақстан арқылы Ресейге тауарларын ұсынып жатыр.
Көрші елде смартфон, планшет, ноутбуктерін сатуды көздеген компаниялар Қазақстанда өнімдердің Еуразиялық экономикалық одақтың территориясына енгізілгені туралы хабарламаны тіркейтін болған.
Бұл туралы ресейлік РБК басылымы хабарлады.
Cnews агенттігінің мәліметінше, хабарлама – Ресейде Федералдық қауіпсіздік қызметінде, ал Қазақстанда – Ұлттық қауіпсіздік комитетінде тіркелген құжат. Ол ЕАЭО-ға криптография және шифрлау элементтері бар тауарларды әкелу үшін қажет.
Сондай-ақ ресейлік БАҚ ірі дүкендерде Қазақстан арқылы жеткізілген гаджеттердің құны қымбаттағанын хабарлады.