CaspianLife, 23 мамыр — Облысты сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін сметалық құны 231,8 миллиард теңгеден асатын тұщыту зауыттарын салу жоспарланған.
Бүгінде бюджеттік несиелендіру аясында Мұнайлы, Түпқараған, Қарақия аудандарын сумен үздіксіз қамтамасыз ететін Ақтаудағы Каспий тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту жобасы жүзеге асырылуда.
Жеке инвестиция есебінен Қаражанбас кен орнында тұщыту қондырғысының құрылысын аяқтау жоспарлануда (қуаты тәулігіне 17 мың текше метр, құны шамамен 21,4 млрд тг).