CaspianLife, 23 мамыр — Атырау облысының ПД 27 жастағы тұрғынды тексеру кезінде 60 дана оралған синтетикалық есірткі тәркіледі.
«Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.
Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.