CaspianLife, 20 мамыр — Атырауда 15 мамырдан бастап су маржандарының жаппай уылдырық шашуына байланысты әуесқой балық аулаушылар үшін 1 айға тыйым салынды. Осылайша, билік басындағылар су жануарларын қорғап, оның табиғи өсімін молайтуды көздеп отыр. Шектеу Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шегіндегі өзен-көлдерге қатысты.
Ереженің орындалуын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары қадағалап, заң бұзушылық тіркелген жағдайда айыппұл салады. Және 15 мамыр мен 15 маусым аралығында су айдындарында моторлы қайықтармен және басқа да су көліктерімен жүруге рұқсат жоқ. Ал Қиғаш өзенінде 20 сәуірде басталған маусымдық шектеу ертең аяқталады. Мамандар шектеу мезгіліндегі айырмашылықты Жайық өзенінің Ресеймен шектесетін бөлігінің ерекшеліктерімен түсіндіреді.