CaspianLife, 19 мамыр — Биыл 4 айда тұрмысты зорлық-зомбылықтың фактісі бойынша 6 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Маңғыстау облысының ПД хабарлады.
Ресми статистикаға сәйкес, 2021 жылы құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты екі қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеген. Биылғы жылы сот 114 тұлғаға, өткен жылы 107 адамға арнайы талаптар белгіледі.
«Өткен жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 50 тұлға жауапкершілікке тартылды, ал былтыр бұл көрсеткіш 43 болды», — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Статистика бюросының мәліметінше, биыл төрт айда әйелдерге қатысты 508 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 108 жағдайға артқан.
ҚР Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын арызды күтпей-ақ қорғауды ұсынды. Олар учаскелік инспекторларға жаңа өкілеттіктер беріп, шектеу тізбегін кеңейтуді жоспарлап отыр, яғни, құқық бұзған тұдғаға қару сақтауға, алкогольдік ішімдіктерді үйде тұтынуға тыйым салады. Егер, тәртіп бұзушының басқа тұрағы болса, 10 тәулікке пәтерден қуып шығуға құқылы. Мамандар мұндай ереже құқық бұзушылықтың алдын алуға және агрессивті адамдарды бақылауға көмектеседі.