CaspianLife, 18 мамыр — Қалалық орта мектептің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға бола отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны анықталды. Нәтижесінде тапқан табысы 190 000 (бір жүз тоқсан мың) теңгені құрады. Лауазымды тұлғаға 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 190 000 теңге табысы тәркіленді.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлік және басқа ақылы қызметпен айналысуға, сондай-ақ, коммерциялық ұйымды басқаруға қатыса алмайды.