CaspianLife, 16 мамыр — Әлеуметтік желі қолданушылары Атыраудағы Х. Доспанованың ескерткіші жоғалып кеткенін айтқан болатын. Кейін жергілікті мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Нұрбек Ахмедьяров батырдың тас мүсіні қайда кеткенін айтты.
Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына және өзінің есімімен аталатын мектептің ірге тасының қаланғанына 70 жыл толуына орай батырдың бюсті М.Горкий 16 мекенжайындағы №18 мектептің ауласына орналастырылды. Азаттық даңғылы бойына 2010 жылы орнатылған Х. Доспанова мүсіні мектеп директоры Д. Далиевтің ұсыныс хаты негізінде көшіріліп отыр.
«Ерен еңбектің үлгісін көрсеткен батыр есімін өскелең ұрпақтың жадынды мәңгі қалдыру мақсатында өзінің есімі берілген мектепке мүсіні қойылып отыр. Бұл оқушыларға үлкен мәртебе», — деді Н.Ахседьяров.