CaspianLife, 16 мамыр — Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Одақ елдерінің жалпы қарызы $145,9 млрд құрады, ал былтыр $123,2 млрд құрады. Бір жыл ішінде 18,4%-ға яғни, 22,7 млрд-қа өскен.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 21%-ға, яғни 15,2 млрд доллардан 18,4 млрд долларға дейін өскен. Одан кейін Армения, Қырғызстан және Беларусь мемлекеттері тұр.
Айта кетелік, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 165 миллиард доллардан асты. Ең көп қарыз Нидерланды, Ұлыбритания және АҚШ-қа тиесілі.