CaspianLife, 16 мамыр -Маңғыстау облысы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен үй шаруашылықтары саны бойынша үшінші орында. Өңірде мұндай отбасылар саны бір жылда үш есеге өскен.
Табысы төмен 726 үй шаруашылығында 3,4 мың адам тұрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есе көп.
Жалпы 2021 жылдың соңында 4,7 мың қазақстандық үй шаруашылығының табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,2%-ға аз. Оның ішінде қалаларда мұндай ең кедей үй шаруашылықтарының саны бір жылда 16,3%-ға дейін, ауылдарда – 4,7%-ға дейін азайды.