CaspianLife, 16 мамыр — Атырауда тәтті түйіршектердің тапшылығынан қантты Үндістаннан сатып алмақшы. Бұл туралы azh.kz хабарлады.
– Наурыз-сәуір айларында Атырауға азық-түлік корпорациясы арқылы біздің қолдауымызбен «Идеал Маркет» желісі арқылы сатып алынған әрқайсысы 68 тоннадан алты вагон қант әкелінді. Қолдау көрсету кезінде біз мұның тұрақтандыру қорының өнімдері бекітілген бағамен сатылатын үлкен желі екеніне көз жеткіздік. Оның 40 тоннасы «Ярмарка» желісіне, 10 тоннасы «Маркоға», 5 тоннасы Қызылқоға ауданына, 2 тоннасы Индер ауданына берілді. Қанттың қалған бөлігі «Идеал Маркет» дүкендерінде 359 теңге бағамен, бір қолға 3 келіден аспайтын шекпен сатылады, — дейді «Атырау» ӘКК» АҚ департаменті директоры Дмитрий ДЮ.
Тапшылық Ресейдің өнім импортын шектеуіне байланысты туындады. Ал сатып алынған қант Шымкентте өндірілген. Д.Дюдың айтуынша, қазір Үндістаннан қант сатып алу туралы келіссөздер жүргізілуде, бірақ оны қай оператордан қандай бағаға сатып алатыны әзірге белгісіз.