CaspianLife, 16 мамыр — Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Урдюк мүйісінен Баутинская шұңқырына дейінгі аумақта жағалау сызығын тексеру кезінде 64 итбалық пен 5 бекіренің өлексесін тапты.
Теңіз маржандар өлімінің себебін анықтау үшін экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдар жұмыс тобын құрып, аумақты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
«Бір күн бұрын оңтүстік-батыстан соққан қатты дауылды желдің салдарынан өлекселер жағаға шығып қалған. Өлі итбалықтар мен балықтардың денесі шіріп кетті», — деді балық инспекциясы басқармасы.
Мамандар лабороториялық зерттеулер жүргізу үшін су мен ауадан сынама алып.