CaspianLife, 12 мамыр — Облыстық экология департаменті Ақтау іргесіндегі елді мекенге лақтырылған бөтелкелердің ішіндегі сұйықтықтың не екенін анықтады. Үйіліп тұрған пластик пен әйнек бөтелкелердің ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар екен.
— Бұл қоқысты кім лақтырғаны әзірге белгісіз. Біздің мамандар Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды жинап, полигонға апару керектігін айтты. Жергілікті полицейлер кінәліні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады, — делінген экология департаментінің хабарламасында.