CaspianLife, 11 мамыр — Құтқарушылар Каспий теңізінде жоғалып кеткен балықшыларды іздеуді жалғастыруда. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар жағалау сызығы мен суда визуалды тексеру жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарын түкұшақ пен кеме жұмылдырылды.
Еске салайық, 30 сәуірге қараған түні қайықпен екі ер адам — 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы Каспий теңізіне балық аулауға кеткен. Содан бері қайтып оралмаған.