CaspianLife, 11 мамыр — Маңғыстау облысында 205 мың 400 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі тізімінде тұр. Бұған дейін үй салу үшін жер алмағандар онлайн кезекке тұра алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда жер кезегінде тұрғандар саны 32,5 мың адамға артқан. Мамандар кезектің өсуіне электронды тіркеу себеп болған.
«Бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттен жер телімін алмаған маңғыстаулықтар енді әкімдікке бармай-ақ EGov порталы арқылы қашықтан өтініш беріп, еліміздің кез келген елді мекенінде жер алуға кезекке тұра алады», — деді Есемұрат Дүзмағанбетов. .
Ол облыс аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 21 156 тегін жер учаскесі бар екенін атап өтті. Инфрақұрылым 2055 учаскені қамтиды, олар толығымен электрмен, ішінара газ және сумен қамтамасыз етілген. Алайда, Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жеке тұрғын үй салуға арналған тегін аумақтар жоқ.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді уақытша пайдалану құқығын алу мүмкіндігі бар. Жер кодексінің 24-бабына сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мұндай мүмкіндіктен айырылған. Оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері де берілмейді.