CaspianLife, 11 мамыр — Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Маңғыстаудан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбайдың қазасына қатысты пікір білдірді.
«Күдікті жақында ғана әскерге келген жігіт. Олардың қандай қарым-қатынаста болғанын қазір айта алмаймын. Оның үстіне екеуі де батыс аймақтардан. Бірі Атырау облысынан, екіншісі Маңғыстау облысынан», — деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, қазір тұрақты мониторинг жүргізілетінін алға тартты. Камалетдиновтың сөзінше, әр казармаға видеобақылау орнатылған.
«Біз әр бөлімшелерге психологтарды енгіздік, олар психологиялық мониторинг жүргізеді. Әскери бөлімдерде бақылауды әртүрлі дәрежедегі командирлер үнемі жүзеге асырады. Бірінің орнына екіншісі жауап беретін жауынгер дос тактикасы енгізілді. Техникалық тұрғыдан қазір казармаларда, жеке құрам орналасқан орындарда бейнебақылау жүргіземіз», — деп түсіндірді Сұлтан Камалетдинов.