CaspianLife, 11 мамыр — Елімізде азық-түлік бағасының өсімі 12 облыста тіркелді, соның ішінде Атырау өңірінде 0,3%-ға қымбаттады, деп мәлімдеді Премьер-Министр.
Сауда және интеграция министрлігі сауда нүктелерінің рұқсат етілген тауар ставкасын сақтауын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарды үйлестіретінін хабарлады. 36,6 мың тұрмыстық дүкенге рейд жүргізіліп, сауда үстемелері 15%-ға төмендеді.
Әлихан Смайлов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жеткізуді ұйымдастыру үшін өндіріс пен тұтыну балансын нақтылауды тапсырды.
— Қазір оңтүстік өңірлерде көкөністер ерте піседі. Келісім-шартқа отырып, көкөністерді жеткізу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұған қоса, форвардтық сатып алуды қаржыландыруды ұлғайту қажет (тауарды қазіргі сұраныстан артық мөлшерде сатып алу немесе тауарға сұраныс туындамас бұрын сатып алу, авт.), осылайша күзде тұрақтандыру қорларына азық-түліктің қажетті көлемін салыстырмалы түрде төмен бағамен салуға болады. Бұл жұмыс бүгіннен бастап жүргізілуі тиіс, — деді премьер-министр.