CaspianLife, 10 мамыр — Мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтілуде. Ал кей аймақтарда құрғақшылық жайлауы мүмкін. Ақтөбе облысының Әйтеке би, Хромтау аудандарында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында құрғақ ауа райы байқалуы мүмкін дейді «Қазгидромет» РМК.
БҚО мен Атырауда, Ақтөбе облысының Ырғыз, Үйіл аудандарында ылғалдылық мөлшері қалыпты болады деп күтілуде.
Барлық болжамдарды Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты түрде ұсынады, дейді метеорологиялық қызмет. Сонымен қатар www.agrodata.kz қосымшасынан қарауға болады.