CaspianLife, 2 ақпан — 1 ақпан күні сағат 12:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 желісіне белгісіз азамат қоңырау шалып, өзінің Авангард мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің ішінде белгісіз адамды өлтіріп алғандығы жөнінде хабарлама қалдырған.
Аталған хабарламаны тексеру кезінде 1989 ж.т., азаматтың полицияға жалған хабар бергені белгілі болды. Наркологиялық сараптаманың қорытындысымен аталған азаматтың орта дәрежедегі мас күйде екендігі анықталды.
33 жастағы азамат өзінің ішімдік ішкендіктен осындай әрекетке барғандығын айтып, кінәсін мойындаған.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама жасақталып, 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.