CaspianLife, 10 желтоқсан – Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, коронавирус инфекциясын жұқтырған 193 адам оқшауланған.
«Атырау облысында өткен тәулікте қауіпті вирусқа 6 адам шалдыққаны анықталды. Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Индер ауданында – 1, Исатайда – 1, Құрманғазы ауданында 2 науқас тіркелді. Қазір 99 адам үй жағдайында, 94 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 62, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 21, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 13 науқас хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдау үшін оқшауланды», — деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Өңірдегі 580 төсек-орны бар инфекциялық стационарлардағы жүктеме – 16,5%. Стационарлардың 58 орынға арналған жансақатау бөлімдерінде жағдайы ауыр 16 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қазір бұл бөлімдегі жүктеме 27,6% құрап отыр.