CaspianLife, 14 қазан – Әлеуметтік желіде Ақтауда жаппай төбелес ұйымдастырған жастардың видеосы тарады.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған видеоға қатысты ақпарат таратты. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған. Сол күні сағат 23:38 шамасында «102» кезекші пультіне 27 және 28-шағынаудандар аралығында төбелес болып жатқаны туралы шақыру түсті. Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен жүгінбеген.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- делінген баспасөз хабарламасында.