CaspianLife, 8 қазан – Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өрті тікұшақпен сөндіріп жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5-6 қазанда «Геосат» сайты арқылы ғарыштан мониторинг жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының аумағында қамыс өртінің бірнеше ошағы анықталған.
«Осы ақпаратқа сәйкес, 6 қазанда Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Теңіз ауылдық округінің қызметкерлері жерүсті барлауын жүргізді. Олар аудан орталығынан өрт ошағына дейін шамамен 50-60 шақырым жол жүрді. Каспий теңізінің жағалауы батпақты байланысты қамыс өртін сөндіруге арналған техниканың жетуіне мүмкіндік жоқ. Оңтүстіктен батысқа қарай соққан желдің екпіні салдарынан түтін Ресей Федерациясының Астрахань облысына таралуда» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Кеше, 7 қазанда сағат 10:30-да «Қазавиақұтқару» РМК-ның МИ-8 (АМТ) тікұшағы «Ми-8 ВСУ-5» тікұшағы жіберілді. Тікұшақта өртті сөндіру үшін әуеден су шашатын құрылғы орнатылған. Экипаж құрамында 5 адам бар. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің 24 қызметкері мен 3 мотосорғыш жіберілген.
«Каспий теңізінің жағалауын айналып ұшу нәтижесінде қамыс өртінің екі фронтальды ошағы анықталды. Оның бірі Исатай және Құрманғазы аудандарының шекарасына таяу орналасқан Мақаш ауылдық округінің, екіншісі Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылдық округінің ауданында екені белгілі болды. Каспий теңізінің жағалауында Мақаш ауылдық округіне қарай жеке құрам десантын түсіру жүргізілді. Қазір департаменттің арнайы қызметкерлері өртті сөндіруді жүргізіп жатыр» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.