CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраулық полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының шекаралас аумағынан қарасора плантациясын анықтады.
Барлығы 507 түп болатын есірткі өсімдігі сол жерде өртеліп, жойылды. Бұл жұмыстардың «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасын аясында жасалағандығын айта кетейік.
«Аталған фактге қатысты яғни есірткі өнімдерін немесе тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.
«Қарасора» операциясы жыл сайын маусым мен қазан аралығында қарасора өсетін кезде өткізіледі. Бұған дейін үш плантацияда 31 адам 4 тоннадан астам марихуананы тасымалдау кезінде ұсталған. Оның 17-сі шетел азаматы. Оған қоса 2021 жылдың шілде айында арнайы операциялар барысында Қызылқоға, Мақат аудандарында да есірткі өсірумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті